«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 9–10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың IX республикалық зияткерлік Конкурсы өткізді.

 Конкурс мақсаты мен міндеті: оқушылардың туған  өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеуін жүргізу, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген  қорытындылар тұжырымдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізілді:

  1. «Өлкемнің цифрлық шежіресі»
  2. «Бір жәдігер-бір тарих»
  3. «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет»
  4. «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім»

Интеллектуалдық сайыс  екі турдан тұрады:

   I тур: барлық өңірлерде бір мезгілде басталатын тестілеу;

   II тур: тиісті номинация бойынша стендтік жұмысты қорғау.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша 27 жеңімпаздар мен жүлдегерлер дәрежелі дипломдармен марапатталады – І орын — 4 , ІІ орын — 12, ІІІ – орын -11 .

І дәрежелі дипломдармен марапатталды:

«Менің өлкемнің сандық шежіресі» номинациясында – Нурсеитова Айла дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы;

«Бір жәдігер — бір тарих» номинациясында — Мұхаметқали Меруерт Железин ауданы,  Міржақып Дулатұлы атындағы №3  мектебінің  9 сынып оқушысы;

 «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» — Апсаликова Лина дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы;

«Ақылды өңір: болашақ үшін шешімдер» — Етекбаева Адия облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар 2026 жылғы 1 қарашада Жамбыл облысының Тараз қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі