Жерлес ақынның құрметіне арналады…
Есіміңіз мәңгі есте сақталады,
Асыл сөз алтын жырың жатталады.
Қазақтың даласында кәрі-жасы,
Суырыпсалма ақынымен мақтанады.
Иса Байзақов атамыздың рухына басымызды ие отырып туған жері Ертіс ауданы, Үлгілі ауылындағы Иса Байзаков атындағы орта мектебінде 2026 ж. 20 қазан күні «Өмірі өшпес өнеге» атты облыстық Иса оқулары өткізілді. Оқуларға облыстың қала және аудандарынан 80 оқушы қатысты. Шараны бастамас бұрын ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Шараның құрметті қонағы Исаның немере туысы, ҚР білім беру озаты, ақынға арналған мектеп мұражайының негізін салушы Күләш Әбиқызы шашу шашты.
Иса оқуларының мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Иса Байзаковтың шығармашылығын насихаттау; өскелең ұрпақты әйгілі ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.
Оқулар жалпы өткізу Ережелері бойынша бес бағыт бойынша өткізілді :
- «Еркін күшпен өрлеймін, Өмірім ұзақ — өлмеймін….» — Иса Байзаковтың шығармаларын
жатқа айту конкурсы. Ақынның шығармаларын ең көп жаттап, Ақсу қаласының Береке мектебінен келген Сайланхан Сәрсен 1 орынға лайық болып, жеңімпаз атанды.
- «Ән қанатында» — Исаның әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсында 1
орынға ие болған, ерекше көзге түскен Дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия оқушысы Хавалхан Нұрислам.
- «Бұл жырды мен жырламай кім жырлайды» — жас ақындар байқауы
1 орын – Иса Байзаков атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы Ахметбекова Саялы;
- «Жас исатанушылар» — Иса ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми жоба
ұсынып, қорғау. Бұл бағытта 1 орын – Дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия 6 сынып оқушысы Айтықбай Ақбаян.
- «Жырдан сахнаға» бұл бағытта театр әлеміндегі Иса Байзаковты насихаттау мақсатында
ақынның поэмаларының негізінде сахналық қойылым. 1-орын – Баянауыл ауданы Ш.Айманов мектебі.


