«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Атырау облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 22-23 қазан аралығында, қазақ халқының біртуар тұлғасы, батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған республикалық байқау өткізді.
Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Нарында» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім…» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Павлодар облысынан республикалық додаға 5 оқушы қатысты: Ақтоғай ауданы Абай атындағы мектебінің 11-сынып оқушысы Жүкен Абдуррахман; Екібастұз қ., «№25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Қанат Кәусар; Екібастұз қ., Байет жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Еркінбайқызы Нұрсәуле; Павлодар қаласы, № 27 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Иванова Алена; Ақсу қ., Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт.
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қорытындысында:
«Шашақты найза, шалқар күй» номинациясында ІІ дәрежелі дипломға Еркінбайқызы Нұрсәуле ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломдармен «Нарында» номинациясында Иванова Алена және «Тартынбай сөйлер асылмын…» — Сарсенбай Нұрсәт марапатталды.


