2026 жылғы 1 қарашада Жамбыл облысының Тараз қаласында 9-10 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IX республикалық зияткерлік конкурсы өтті.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізілді:

  1. «Өлкемнің цифрлық шежіресі»
  2. «Бір жәдігер-бір тарих»
  3. «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет»
  4. «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім»

Интеллектуалдық сайыс  екі турдан тұрады:

   I тур: барлық өңірлерде бір мезгілде басталатын тестілеу;

   II тур: тиісті номинация бойынша стендтік жұмысты қорғау.

Павлодар облысынан республикалық додаға 4 оқушы қатысты: Мұхаметқали Меруерт Железин ауданы,  Міржақып Дулатұлы атындағы №3  мектебінің  9 сынып оқушысы; Апсаликова Лина дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы; Етекбаева Адия облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Ибраев Олжас Железин ауданы,  №1 мектебінің  9 сынып оқушысы.

Республикалық «Менің шағын Отаным» конкурсының қорытындысында:

 ІІІ дәрежелі дипломға Апсаликова Лина, Етекбаева Адия және Ибраев Олжас ие болды.

Жас зерттеушілерді және олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!