8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 2026 жылғы 5 қарашада  өткізілді.

Республикалық лингвистикалық олимпиада-бұл теориялық, математикалық  және қолданбалы лингвистика бойынша жыл сайынғы жарыс. Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың «қолданбалы филология» пәнін оқуға деген қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беру көкжиегін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резервті қалыптастыру. Олимпиадаға 67 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен 2 оқушы,  ІІ дәрежелі дипломымен 6 оқушы және ІІІ дәрежелі дипломымен 17 оқушы марапатталды.

Республикалық кезеңде облысымыздың намысын облыстық олимпиада нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 3 адамнан тұратын команда қорғайды.

Қорытынды