Павлодар қаласының Ж. Тәшенев жалпы орта білім беру мектебінде 2026 жылғы 6 қараша күні 2-8 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Облыстық кезеңге зерттеу жұмыстарымен айналысатын 366 жоба (480 қатысушы) авторлары өз жұмыстарын ұсынды.

Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Зерттеу жобалары 12 секция бойынша қорғалды: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация», «Математика, қолданбалы математика», «Физика, ғарыш және Жер туралы ғылымдар»,  «Туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі», «Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық»,  «Этномәдениеттану және мәдени мұра», «Химия және биология», «Экология, адам денсаулығы және психология», «Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия», «Технология, өнер, дизайн және креативті индустриялар».

Конкурс қатысушылары математикалық теңдіктер құпияларын ашып, кристаллдардың қасиеттері мен энергия сақтау тәсілдерін зерттеп, қоршаған орта мәселелерін шешу әдістерін ұсынады. Өз жұмыстарында балалар сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып әлемімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, тіл және әдебиетімен таныстырады, қарқынды өлкетану жұмысын жүргізеді.

Конкурстың қорытындысы бойынша 272 жобаның авторы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 24 жобаның авторлары (33 қатысушы), ІІ-ші орында – 72 жобаның авторлары (101 қатысушы), ІІІ-ші орында – 157 жобаның авторлары (208 қатысушы), Құрмет грамоталарына 19 жобаның авторлары (24 қатысушы) ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

          Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне әрбір секция бойынша облыстық кезеңде ең жоғары ұпайымен бірінші орын алған «Бастауыш буын» санатындағы бір жұмыс және «Орта буын» санатындағы бір жұмыс ұсынылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы