Астана  қаласында 9-13 қараша аралығында №33 жайлы мектеп базасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы  XIX Президенттік олимпиада өтті.

Президенттік олимпиада – бұл еліміздің дарынды оқушыларын  анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба.

Интеллектуалдық сайысқа еліміздің барлық өңірінен келген 188 оқушы қатысып, математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынады.

Павлодар облысын 15 оқушыдан тұратын команда таныстырды.

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары орындарының PhD докторлары мен магистері бағалады.

XIХ Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінде Павлодарлық оқушылар төрт  жүлделі орынға ие болды.

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Балашов Артем І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен  марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломдарына және күміс медальдарына «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Сарыбай  Жанерке мен  Павлодар қаласының Аманжол Шамкенов атындағы лицей-мектебінің оқушысы Белый Николай иеленді.

ІІI дәрежелі дипломына «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Қабылбек Іңкәр  ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Президенттік олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы