Павлодарда жыл сайын 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі.
Республикалық ғылыми жобалар байқауы бұл зерттеу дағдыларын дамытуға және талантты жастарды қолдауға бағытталған маңызды іс-шара.
Байқау оқушыларға өз қабілеттерін ашуға, ғылыми ойлауды қалыптастыруға және көпшілік алдында таныстыру тәжірибесін алуға көмектеседі. Оқушыларға өз идеялары туралы айтып қана қоймай, кәсіби кері байланыс алуға, сондай-ақ ғылыми коммуникация дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.
Жұмыстың тақырыбы ғылыми-техникалық даму мен әлеуметтік-экономикалық процестерді математикалық модельдеуден бастап экологиялық зерттеулер, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен тіл білімі сияқты бағыттарын кең қамтиды.
Облыстық деңгейге іріктеу барысында 335 жұмыстардың авторлары өтті, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыты 184 жұмыс, қоғамдық-гуманитарлық бағыты 151 жоба. Бұл ауқымды конкурсты Павлодар облысының жоғары оқу орындарының ғалымдары комиссия мүшелері ретінде бағалайтын болады.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің бағдарламасы
Өткізу уақыты: 2026 жылғы 27 қараша
Өтетін орны: Павлодар қаласы, № 35 ЖОББМ (ш. Айманов көшесі, 37)
Басталуы-13.00.
Қосымша ақпаратты: Павлодар қ., М. Жүсіп к-сі,189, «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-наң алуға болады

