«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 27 қарашада Павлодар қаласының № 35 ЖОМ базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың іріктеу кезеңіне барлығы 493 ғылыми жоба тапсырылды, оның 335-і облыстық кезеңнен өтті. Іс-шараға 10 ауданнан, 3 қаладан 427 оқушы, сондай-ақ Павлодар облысының дарынды балаларға арналған 13 білім беру ұйымдары қатысты.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар ағымдағы жылдың 18-19 желтоқсанында бейіндеуші пәндер бойынша екінші турға (тестілеуге) қатысатын болады.


