Облыстық «Абай оқуларын» өткізу туралы ақпарат

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 8 ақпанда ХХІІІ облыстық «Абай оқулары» онлайн режимде өткізіледі.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу); «Абайдың қара сөздері» (ақын қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу); «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу);  «Ұлылар әлемі» (Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына қатысты эссе жазу) бағыттары – ZOOM платформасында белгіленген уақытта өткізіледі. Қатысушылар ұйымдастырушы жіберген сілтеме бойынша қосылады.

«Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау); «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас ақындардың өз шығармалары) бағыттары – алдын ала жазылып, жіберілген видеоматериалдар бойынша бағаланады.

Similar Posts