«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2021-2022 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 10 наурыз күні дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда жалпы білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық Ілияс Жансүгіров оқулары өткізіледі (Ереже қосымша).Сайыс Ілияс Жансүгіров рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпақты ақын шығармаларымен тереңірек таныстыру мақсатында келесі үш бағыт бойынша жүргізіледі:
- «Ілияс-эпик ақын» бағытында ақын поэмаларын жатқа оқу (қатысушылар жатқа оқитын ақын поэмаларын папкаға жиналған түрде тапсыру керек);
- Талапкер Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің ішінен өзі таңдаған бір өлеңін және жалпы жаттаған өлеңдерін, прозалық немесе драмалық шығармаларын (ұсынылған тізімінен қазылар алқасының сұрауымен) жатқа, мәнерлеп оқу және үзінді орындау;
- 3. Талапкер өзі жазған өлеңдерді топтап, мәтіндерін алдын – ала қазылар алқасына жазбаша түрде тапсыруы керек.( Кітапшасын ұсынады). Қазылар алқасының талабы бойынша өз шығармашылығымен таныстыру, жатқа, мәнерлеп оқу.
Әрбір аудандық (қалалық), мамандандырылған мектеп оқушылары арасынан облыстық Ілияс Жансүгіров оқуларына (әр номинация бойынша 1 оқушы) 3 (үш) үміткер ұсынады.
Сұраныстарды (бір бағытқа — 1 оқушы) ertis_daryn_pvl@mail.ru поштасына
2022 жылғы 1 наурызға дейін келесі формада жіберу қажет: Жүктеу
Ережесі Жүктеу