«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасын» өткізу туралы

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы  «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада» республикалық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуге байланысты келесіні хабарлайды.Олимпиада 2022 жылы «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада»  республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік басшылықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 85 бұйрығына сәйкес өткізіледі.Қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін сайтта жүргізіледі https://1000bala.elbasyacademy.kz/.Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады. Ағымдағы олимпиаданы өткізу кезінде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары болып табылатын 2021 жылғы олимпиаданың ІІ кезеңінің жеңімпаздары олимпиаданың ІІ кезеңіне тіркеусіз жіберіледі.Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сайтта on-line режимінде 2022 жылдың 4-8 сәуір аралығында жоспарланған https://1000bala.elbasyacademy.kz/. 1-кезеңнің нәтижелері бойынша 5000 жеңімпаз екінші кезеңге жіберіледі, ол 2022 жылғы 27-29 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының аумағында күндізгі форматта өткізілетін болады.Барлық туындаған сұрақтар бойынша 88000804848 (қоңырау шалу тегін) телефоны бойынша Колл-орталыққа, сондай-ақ «Ертіс дарыны» орталығына хабарласуыңызды сұраймыз +7 7182-65-65-12.

«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Similar Posts