ХVIІI  Халықаралық Жәутіков олимпиадасында павлодарлық оқушылар 3 алтын, 2 күміс, 5 қола жеңіп алды

 

 

Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2022 жылдың 16-23 ақпан аралығында өткізілді. Олимпиада 2005 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің  ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада онлайн форматта өтті. Шараға әлемнің 22 елінен (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Сербия, Румыния, Тәжікістан, Өзбекістан, Украина, Грузия, Индонезия,  Армения, Дания, Қырғызстан, Түркменістан, Австралия, Иран, Үнді, Моңғолия, Әзірбайжан, Түркия, Вьетнам) 1000-нан астам оқушы 146 команда құрамында қатысты. Олимпиада мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептер арасында достық қарым-қатынасты орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ еліміздің білім деңгейін көрсету. Біздің облыстан команда құрамында 2022 жылғы республикалық пән олимпиаданың жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанған №8 лицей-мектебінің, Абай атындағы гимназияның, №3 гимназияның, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының, Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің және облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 15 оқушысы ұсынылды. Олимпиада қорытындысы бойынша облыс құрама командасы 10 медальға ие болды: 3 алтын, 2 күміс және 5 қола. Физика пәні бойынша дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10, 11 сынып оқушылары Нұртаев Даир, Рахимжанов Дінмұхамед, Лим Владимир – алтын медаль, Шишкин Алексей, Клименко Марк – қола медаль жеңіп алды (мұғалімі – Билида А. Н.); математика пәні бойынша Абай атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Кенжебаева Айжан (мұғалімі – Омарова К. Т.) дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Роговский Владимир (мұғалімі – Стадникова Л.В.) күміс медаль иеленді; информатикадан дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары Трусов Егор, Гончаров Матвей (мұғалімі – Васина С.Г.) және облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Теміржанов Ерасыл (мұғалімі – Абжаппаров Р. А.) қола медальға ие болды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts