«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 наурызда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында (Катаев көш, 63) 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
Байқау 4 бағыт бойынша өткізіледі.
- Иллюстрациялық сурет (Ә. Кекілбаев шығармаларына иллюстрациялық сурет салу). Жұмыс саны 3-тен аспауы тиіс. Ереже бойынша қатысушы жазушының бір шығармасына иллюстрация жасайды. Ол үшін әр оқушыда өзіне қажетті кұралдар болу керек (А3 парағы; кескіндеме: акварель, гуашь, акрил; графика: тушь, перо, қылқалам, түрлі-түсті қарындаш).
- Мәнерлеп оқу – қатысушы өзі таңдаған 2 шығарманы (1 — прозадан, 1 поэзиядан) мәнерлеп жатқа оқиды.
- Шығармашылық жұмыс (Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жобасын қорғау).
- Сахналық қойылым (Ә. Кекілбаевтің шығармаларынан сахналық қойылым көрсету). Байқауға топ құрамында 5 оқушы қатысуы мүмкін.
Байқау ережесі https://ertisdaryn.kz сайтында орналастырылған.