Павлодар облысында 2022 жылғы 28-29 наурызда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиада басталды: қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз  тілі, өзін-өзі тану. Облыстық кезеңге барлығы 382 оқушы қатысты. Олимпиада Ы. Алтынсарин ат. облыстық гимназия-интернаты (Ш. Айманов көш., 35) және Павлодар қ. № 35 ЖОББМ (Ш. Айманов көш., 37) базасында өтуде. Өткізу форматы: электронды, прокторингті («1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера») қолданумен Oqylyq платформасында және транслациясы бар аудиторияның жалпы көрініс камерасы.

 

Similar Posts