Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) ағымдағы жылғы 18-23 сәуір аралығында «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптардың сақталуымен, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі. Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтеді.
Жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі.
Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылады және әрбір қатысушыға тапсырмаларға қол жеткізу жеке коды беріледі. Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстарына шифр қойып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстарының көшірмелері «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында олардың жеке деректерін белгілеусіз орналастырылады. Дұрыс жауаптар және кезең нәтижелері көрсетілген хаттамалар «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.
Шара онлайн режимде көрсетіледі, бейнебақылаудың сілтемелері «Дарын» РҒПО сайтында қолжетімді болады.
Павлодарда олимпиаданың I және II кезеңдері 2022 жылғы 18-21 сәуірде «U-Study» өңірлік тестілеу орталығының базасында (М.Горький көшесі, 120/2) күндізгі режимде өтеді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Апелляция 2022 жылғы 22 сәуірде, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша –23 сәуірге жоспарланған.
Олимпиадаға Павлодар облысынан 116 оқушы қатысады, оның ішінде 51 қатысушы – қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 59 қатысушы-жаратылыстану-математикалық бағытта.
Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!
Қосымша ақпарат алу үшін: Павлодар қ., «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Марғұлан көшесі, 102, тел. 322230.