12-14 маусым аралағында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы математика пәні бойынша 6-7 сыныптарға арналған республикалық олимпиадасының финалы өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 6-7 сыныптардың 156 оқушысы және Қырғызстаннан 5 оқушы  қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері математиканы насихаттау, дарынды балаларды ерте анықтау және ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін және білімге қызығушылығын дамыту, оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар, математиктер және педагогтар арасындағы байланыстарды нығайту, командада жұмыс істей білу болып табылады. Командалық турнирдің негізін оқушыларды күрделі математикалық есептерді шешуге қол жетімді түрде тартатын математикалық ойындар құрайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлдегер атанды. ІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Катунина Юлия, ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Захарченко Юлиана, Шубладзе Юрий, Ван Изабелла марапатталды.

Құрмет грамоталарының иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 және 6 сынып оқушылары Сәбит Аңсар, Курсаков Платон, Павлодар қаласының №28 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Арбуз Платон.

 

Similar Posts