Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында екінші жыл қатарымен, әртүрлі салаларда қабілеттерін көрсеткен талантты да дарынды балалар мен студенттерді, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаган балаларды қолдау мақсатында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов «Тәуелсіздік ұланы» біржолғы ақшалай сыйлықақысымен марапаттады.

Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапаттау және сыйлықақысын табыстау салтанатты рәсімі 2022 жылғы 20 қазанда, «Қоғамдық Келісім» үйінде өткізілді.

«Тәуелсіздік ұланы» байқауына 700-ден астам өтінім түсіп, облыстық кезеңге 389 үміткер жіберілді. Конкурс қорытындысы бойынша 100 оқушыға 50-еселі АЕК мөлшерінде келесі 5 номинация бойынша табысталды. «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясы бойынша – 52, «Кәсіби шеберлік» (ТжКБ ұйымдары үшін) – 5, «Шығармашылық шеберлік» – 18, «Спорттық шеберлік» – 21, «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» – 4 жасөспірімдер мен студенттер «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысына қол жеткізді.

Құттықтаймыз!

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік

 қызмет бөлімінің меңгерушісі Абаильдинова Ж.К.,

әдіскерлері: Сураганова А.У., Бейсембаева Г.А., Тезикбаева А.М.

 

Similar Posts