Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2022 жылғы 26 қазанда Павлодар облысы Білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер»  облыстық экологиялық конкурсын өткізді.

Байқауға қатысушылар экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды келесі тақырыптар бойынша ұсынды:

– елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау;

– менің экологиялық іс-шараларға қатысуым;

– біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары.

Қазылар алқасының құрамына Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, облыстық «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының» жетекші оқытушылар және облыстық «Ертіс» телеарнасының редакторлары кірді. Ұсынылған жұмыстарды саралап, бағалау шарттарына сәйкес ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды мен жүлдегерлерді анықтады.

Облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің 56 жеңімпаз қатысып, 24 оқушы Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға –  8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға –  13 оқушы ие болды.

І дәрежелі дипломмен  Тереңкөл ауданы Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Исабаева Айым, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Алькеева Арина, дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Сапарова Сания марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Балтабай Жаһангір; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Атакан Дінмұхамед; музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Нигматулина Малика; Павлодар қаласы №28 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Леннов Александр; «Жас дарын»  мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Тлектесова Сабина; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушылары Жумабекова Камила, Айтжанова Асель; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Серикпай Айлара; Павлодар ауданы Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Жакупова Раушан марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен  Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Олжатай Төрегелді; Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Заблоцкая Эвелина; Шарбақты ауданы гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Жусупова Зарина; дарынды балаларға арналған  Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Нығметулла Ерасыл; Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары Ахметова Махаббат, Айтқалиқызы Нұрай; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Сейтғалиқызы Арайлым; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Арын Ерасыл, Мұрат Тұрар; Ертіс ауданы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Имангалиева Минеля; Железин ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Тугумбаева Аиса; Екібастұз қаласы №35 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары Песоцкая Юлия, Браун Людмила; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Жумангалиев Максат; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Каджимухамедқызы Адина; Ертіс ауданы Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Мукушева Алия марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік

 қызмет бөлімінің меңгерушісі Абаильдинова Ж.К.,

әдіскерлері: Сураганова А.У., Бейсембаева Г.А., Тезикбаева А.М.

Similar Posts