Қазақстан Республикасының ұлттық мереке мәртебесіне орай туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 3-5 қараша аралығында Тараз қаласында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсын өткізді.
Шараға еліміздің жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 92-ден астам оқушы қатысты, оның 45-і жүлдегер атанды.
Ережеге сәйкес конкурс екі кезең бойынша өткізілді:
І кезең – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;
ІІ кезең – «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациялары бойынша жоба қорғау және «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазу.
Павлодар облысынан республикалық конкурсқа облыс кезеңінің жеңімпаздары – 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі болды.
Білім және ғылым министрлігінің дипломдары мен естелік сыйлықтарына ие болғандар: «Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша ІІ дәрежелі дипломымен Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Каиржанова Аида; «Кішкентай Отанымның символы» номинация бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Жиенхан Сая; «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Нұрғалым Альмира; «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Алимова Томирис марапатталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы