Маңғыстау облысының білім басқармасы 2022 жылғы 10-12 қараша аралығында қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығына арналған республикалық «Әбіш оқуларын» өткізді.
Шара барысында оқушылар және олардың жетекшілеріне жазушы елі Оңды ауылына «Жер-Ананың мен – сүйікті перзенті» мектепке, Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат пен Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында «Шыңырау» спектаклін тамашалау ұйымдастырылды.
Байқау төрт бағыт бойынша өтті: Ә.Кекілбаевтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; үйде орындалған үш суретті ұсынып, «Автомобиль» және «Бәйгеторы» әңгімелеріне иллюстрация салу; жазушының шығармашылығы бойынша зерделеу жоба жазу; Ә. Кекілбаевтің бір шығармасынан сахналық қойылым көрсету.
Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Сұртай Аяжан; дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9 сынып оқушысы Бекен Балнұр; Ақсу қаласы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Хусман Ақерке;
Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары Жұмабай Қосман, Ходон Ақжарқын, Болат Серіжан, Марден Әлинұр, Қазбек Ибрахим.
Республикалық байқау қорытындысында Ақсу қаласы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Хусман Ақерке «Әбіш Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу» бағытында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, «Жас дарын» мамандандырылған лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Сұртай Аяжан өзінің үш суретін қазылар алқасына ұсынып, «Автомобиль», «Бәйгеторы» әңгімелеріне иллюстрация салып, «Иллюстрациялық сурет» бағытында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы