Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығы 2022 жылғы 16-18 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында ұйымдастырған «Жыл оқушысы» республикалық сайысының облыстық кезеңін өткізді. Ережеге сәйкес 2-ші (эссе жазу) және 3-ші (шешендік өнер) турлар портфолио тапсырған үш жас санаттағы (6-7, 8-9, 10-11 сынып) оқушылар арасында өткізілді. Шараға 2 қала, 9 аудан, 10 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 59 оқушы қатысты.

Сайыс қорытындысында 27 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 3, ІІ дәрежелі дипломмен – 7, ІІІ дәрежелі дипломмен – 17.

6-7 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Малайсары батыр ат. ЖББОМ 6 сынып оқушысы Назар Фариза; ІІ дәрежелі дипломмен – Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 6 сынып оқушысы Ермекова Жұлдыз; Тереңкөл ауданы Березовка ЖББОМ 7 сынып оқушысы Тілеубек Жания; Ертіс ауданы Ұзынсу ЖББОМ 6 сынып оқушысы Жакупов Ерсултан; ІІІ дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушылары Сулейменов Асанали, Рогачевская Софья; Ақтоғай ауданы С. Мүткенов ат. ЖББОМ 7 сынып оқушысы Кәртенбай Шұғыла; «Білім-Инновация» лицей-интернатының (қыз) 7 сынып оқушысы Сембай Нұрайым; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Ағзап Аружан марапатталды.

8-9 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9 сынып оқушысы Қабыкен Дарын; ІІ дәрежелі дипломға – Ертіс ауданы Ұзынсу ЖББОМ 8 сынып оқушысы Бакирова Мадина; Тереңкөл ауданы Береговая ЖББОМ 8 сынып оқушысы Опарина Регина; ІІІ дәрежелі дипломға – Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы ат. ЖББОМ 8 сынып оқушысы Исабек Нұралы; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Шубладзе Юрий; Павлодар қ. №30 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Айдын Айман; Железин ауданы №2 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Ашимжанова Дария; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Айдарбеков Ансар ие болды.

10-11 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломды – Ақсу қ. №4 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Бектасова Амина; ІІ дәрежелі дипломды – Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Каиржанова Аида; «Білім-Инновация» лицей-интернатының (ер) 11 сынып оқушысы Дәулет Арнұр; ІІІ дәрежелі дипломды – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Клименко Марк; Тереңкөл ауданы А. Текенов ат. №2 ЖББОМ 10 сынып оқушысы Зинковская Юлия; Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. ЖББОМ 11 сынып оқушысы Қайыржан Айдана; «Білім-Инновация» лицей-интернатының (қыз) 11 сынып оқушысы Жарылқап Көркем; Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат; Павлодар қ. №21 ЖББОМ 10 сынып оқушысы Сапаргалиев Чингиз; Аққулы ауданы Малыбай ЖББОМ 1 сынып оқушысы Рашит Адема иеленді.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық сайысқа жолдама алды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts