«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2022  жылғы 18 қарашада 9-11 сынып оқушылар арасында 64 қатысушыларымен облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері: – оқушылардың мемлекеттік, орыс және шет тілдерді оқуға ынтасын арттыру;

– оқушылардың үш тілде коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

– әлем бейнесін үш тілде түсінуде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.

Олимпиада екі тур бойынша өткізілді.

1 тур (жазбаша) – оқушылар ұсынылған тақырыпқа үш тілде эссе жазды.

2 тур (ауызша) – оқушылар берілген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйледі.

Екінші турға әр пән бойынша 75-100 ұпай жинаған оқушылар өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 20 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші дәрежелі дипломына 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломына 5 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломына 12 оқушы, Құрмет грамотасына 10 оқушы иеленді.

Хаттама. 9 сыныптар

Хаттама. 10 сыныптар

Хаттама. 11 сыныптар

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts