Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда 2022 жылғы 24 карашада лингвистикадан республикалық іріктеу олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың бірінші (аудандық) кезеңіне 2000-нан астам, екінші (облыстық) кезеңге – 550-ден астам оқушы қатысты.

Облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Одинцова Анастасия және Екібастұз қаласы №35 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Седлецкий Роман олимпиаданың қорытынды кезеңінде Павлодар облысының намысын қорғады.

Қорытынды кезеңнің үздігі атану үшін 50 оқушы бақ сынасты және олардың тек 12-сі ғана оқу-жаттығу жиындарына шақырылды, солардың қатарында Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Одинцова Анастасия.

Жиын қорытындысы бойынша 4 білімпаз Қазақстан командасының құрамында 2023 жылғы 21-29 шілдеде Банско қаласында (Болгария) өтетін Лингвистикадан Халықаралық олимпиадасына (IOL) қатысады.

Қазақстан құрамасы IOL-ға 2014 жылдан бері қатысып келеді (2014, 2015 жылдары бақылаушы ел ретінде). Олимпиадаға қатысу кезеңінде біздің құрама 5 қола медаль және 5 Құрмет грамотасын жеңіп алды.

Қорытындылары

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts