«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Астана қаласында «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінін өткізуді жоспарлап отыр.

 «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінін облыстық іріктеу кезеңі  2023 жылғы ақпанның бірінші онкүндігінде өтеді.

Турнирдің мақсаты мен міндеттері:

– роботтарды құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау;

– Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету;

– балалар мен жастардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру.

Турнирдің 7 дәрежесіне жас санаты бойынша 7 команда қатысады (1 командада жас санатына байланысты 2 оқушы болуы тиіс):

  1. Робо-сумо (9-12 жас);
  2. Кегельринг-квадро (10-14 жас);
  3. Желі бойынша жарыс (14-17 жас);
  4. Биатлон-кіші санат (10-14 жас);
  5. Биатлон-жоғары санат (14-17 жас);
  6. Эстафета (10-17 жас);
  7. Лабиринт (14-17 жас).

«Robotek Grand Tournament» турнирдің ұйымдастыру жэне өткізу ережелері https://rgt.robotek.kz/ сайтында орналастырылған.

Өтінімді Microsoft Excel форматында және басшының қолы қойылған сканерленген нұсқасын 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін ertis_daryn_pvl@mail.kz поштасына келесі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Similar Posts