Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында 2022 жылғы 10-15 желтоқсан  аралығында «Жыл оқушысы» республикалық конкурсының қорытынды кезенің онлайн форматта өткізді.

Шараға еліміздің барлық аймақтарынан өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Ережеге сәйкес 2-ші (эссе жазу) және 3-ші (шешендік өнер) турлар портфолио тапсырған үш жас санаттағы (6-7, 8-9, 10-11 сынып) оқушылар арасында өткізілді.

Республикалық кезең қорытындысында 9 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

8-9 сынып оқушылары арасында ІІ дәрежелі диплом мен бағалы сыйлық Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9 сынып оқушысы Қабыкен Дарынға табысталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts