Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХIХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2023 жылдың 1-4 ақпан аралығында өткізілді.

          Олимпиада алғаш рет 2005 жылы өткізіліп, 19 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің қолдауымен Алматы қаласындағы «РФММ» ұйымдастыруымен сәтті өткізілді.         Шараға әлемнің 25 елінен: Қазақстан, Австрия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Вьетнам, Грузия, Египет, Индонезия, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Перу, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина 1300-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиада мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің  мамандандырылған мектептер арасында достық қарым-қатынасты орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ еліміздің білім деңгейін көрсету.

          Олимпиадаға облысымыздан 14 оқушыдан тұратын құрама команда қатысты: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының, облыстық көпсалалы көптілді мектеп-интернатының оқушылары. Бұл оқушылар 2022 жылғы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары.

          Олимпиада  қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушылары 7 медаль жеңіп алды: 1 алтын және 6 қола. Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Роговский Владимир Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары арасында математикадан үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальмен марапатталды (мұғалімі Стадникова Л.В.); дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Одинцова  Анастасия  қола  медальға ие болды (мұғалімі  Стадникова Л.В.). Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11,10 сынып оқушылары Нұртаев Дайыр, Шишкин Алексей, Клименко Марк, Ораз Ануар (мұғалімі Билида А.Н.), дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы  Ақаш Әділет (мұғалімі  Әшкен Д.Е.)  физика пәнінен жоғары білім деңгейін көрсетіп қола медальдарына ие болды

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts