Ұлы Абайдың мұрасын насихаттау мақсатында Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2023 жылғы 22 ақпанда 8-11 сынып оқушылары арасында ІІІ республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді. Шара 2 бағыт бойынша онлайн форматта өткізілді: «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» атты эссе жазу конкурсы; «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты ақындар мүшәйрасы.

Павлодар облысынан республикалық байқауға өңірлік Абай оқуларының 9 жеңімпазы мен жүлдегері және дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 2 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша эссе жазу конкурсында ІІІ дәрежелі дипломға «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Сагинтаева Нұрай ие болды. Ақындар мүшәйрасында І дәрежелі дипломмен – Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы білім беру орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жұмажан Назерке; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Қазбек Ибраһим; Павлодар қ. №35 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Бектасова Азиза; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8 сынып оқушысы Кәмеш Ханифа марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts