Қарағанды қаласында Е.А. Бөкетов атындағы университетінің физика-техникалық факультетінің базасында 2023 жылдың 23-24 ақпанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен физика пәнінен Халықаралық ашық олимпиадасы өтті.

         Олимпиадаға Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдерінің жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

         Павлодар облысының атынан 5 оқушыдан  құралған команда  бақ сынады.

          Физика пәнінен халықаралық ашық олимпиаданың қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған  №8 мектеп-лицейінің оқушысы Владислав Невечеров ІІ дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts