Өтетін уақыты: 2023 жылғы 10 наурыз, сағат 10.00-де.

Өтетін орны: Павлодар қ. №25 ЖОББМ (Майра көш., 49).

Ұйымдастырушы: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Турнир мақсаты – роботтарды құрастыру және бағдарламалау,  инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау, робототехника бойынша республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысу үшін облыстың ең мықты спортшыларын анықтап, құрама командаларын қалыптастыру.

Турнирге 74 команда құрамында 148 оқушы қатысады. Турнир келесі 7 санат бойынша өткізіледі:

  1. Робо-сумо – 9-12 жас
  2. Эстафета – 10-17 жас
  3. Сызық бойынша жарыс – 14-17 жас
  4. Кегельринг-квадро – 10-13 жас
  5. Биатлон кіші санат – 10-13 жас
  6. Биатлон аға санат – 14-17 жас
  7. Лабиринт – 14-17 жас

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Облыстық турнирдің жеңімпаздары 2023 жылғы 4-5 мамырда Астана қаласында өтетін «Robotek Grand Tournament» турнирінің республикалық кезеңіне қатысады.

 

 

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО (Павлодар қ,. Мәшһүр Жүсіп көш., 189,

тел. 65-65-12).

 

Similar Posts