«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 10 наурызда «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.

Жарыс мақсаты мен міндеттері: роботтарды құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялардағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау; елімізде спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету; балалардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру.

Турнир келесі 7 санаты бойынша өтті:

  1. Робо-сумо (9-12 жас);
  2. Кегельринг-квадро (10-14 жас);
  3. Желі бойынша жарыс (14-17 жас);
  4. Биатлон-кіші санат (10-14 жас);
  5. Биатлон-жоғары санат (14-17 жас);
  6. Эстафета (10-17 жас);
  7. Лабиринт (14-17 жас).

Жарысқа 71 команда құрамында 142 оқушы қатысты.

Турнир қорытындысында 36 команда құрамында 70 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі диплом – 7 команда, ІІ дәрежелі диплом – 11 команда, ІІІ дәрежелі диплом – 18 команда.

«Робо-сумо» санатында І орынға – Баянауыл ауданы Ш. Шөкин ат. №2 жалпы орта білім беру мектебінің «B54» команда мүшелері Хамзаева Томирис, Амантай Муслим (жетекшісі Аюпов Д.Х.); ІІ орынға – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының «Crab Killer» команда мүшелері Мұхарам Тұрар, Серік Ерғанат (жетекшілері Рахметов Н.З. Сыздыков Р.Ж.), Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп ат. жалпы орта білім беру мектебінің «Sumo – 19» команда мүшелері Маратов Азамат, Қизат Таңат (жетекшісі Журсунова М. М.), Баянауыл ауданы М. Ж. Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің «RoboRed» команда мүшесі Хамза Төлебай (жетекшісі Аюпов А.Х.); ІІІ орынға – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының «AltynsarinTeam 4» команда мүшелері Аянбекұлы Ерболат, Жұмагелді Нұрәділ (жетекшісі Ералин А. М.), «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің «Қыран» команда мүшелері Ихласов Исмаил, Күзембай Нұрәлі (жетекшісі Нуртаева А.Д.), Аққулы ауданы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің «RoboTank» команда мүшелері Болат Арыстанбек, Валихан Мұса (жетекшісі Балтабаев Б.Р.), Ертіс ауданы Абай жалпы орта білім беру мектебінің «СКО» команда мүшелері Ашенов Даулет, Қасымжан Нұрғиса (жетекшісі і Курманбаев Н.А.) ие болды.

«Кегельринг-квадро» санатында І дәрежелі дипломмен – Ертіс ауданы Абай жалпы орта білім беру мектебінің «Абай» команда мүшелері Мақұлбек Қамбар, Қошман Әлібек (жетекшісі Курманбаев Н.А.); ІІ дәрежелі дипломмен – Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының «Samgay kids» команда мүшелері Шахмет Мансур, Жубатханов Мирас және «Kids» команда мүшелері Серикжанұлы Әли, Тоқпан Алинур (жетекшісі Жеңісхан Нұргүл); ІІІ дәрежелі дипломмен – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының «AltynsarinTeam 2» команда мүшелері Санат Ұлас, Ұлан Нұртөре (жетекшісі Ералин А. М.), Екібастұз қаласы №4 жалпы орта білім беру мектебінің «Biomatic_1» команда мүшелері Шалтеев Амир, Момын Муслим (жетекшісі Шалтеева Н. К.), Баянауыл ауданы М. Ж. Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің «J 67» команда мүшелері Назымхан Ернар , Көпеев Иранбек (жетекшісі Аюпов А.Х.), Павлодар қаласы М.Әуэзов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «GRAD» команда мүшелері Садыков Расул, Ткачев Артур (жетекшісі Садыков Р.Т.), Екібастұз қаласы Абай атындағы №28 жалпы орта беру мектебінің «Робозарики» команда мүшелері Мусралинов Санжар, Азет Салауат (жетекшісі  Бастемирова З.Е.) марапатталды.

«Сызық бойынша жарыс» санатында І орынға – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының «AltynsarinTeam» команда мүшелері Темербек Марьям, Файзолла Диана (жетекшісі Ералин А.М.), ІІ орынға – Баянауыл ауданы Ш. Шөкин ат. №2 жалпы орта білім беру мектебінің «ED 10» команда мүшелері Торсықбай Жанайдар, Даныбай Ділназ (жетекшісі Аюпов Д.Х.), Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің «Runner» команда мүшелері Жұманазар Әзірет, Абдракова Ясмин (жетекшісі Томаров Ж. Ж.), ІІІ орынға – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Robo-Line8» команда мүшесі Актионов Марк (жетекшілері Ахмедова М. Э., Есенкулова Т.Д.), Ертіс ауданы Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің «Панфилово 2» команда мүшелері Махсатұлы Нұрдаулет, Жамбаев Тимур (жетекшісі  Арынов С.А.), Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Smart PVL» команда мүшелері Хомар Олжас, Сураганов Аслан (жетекшісі Айгужинов Д. Е.), «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің «Soile» команда мүшелері Сушин Батырхан, Куспеков Амирхан (жетекшісі Нуртаева А.Д)  иеленді.

«Биатлон-кіші санаты» бойынша І орынды – Баянауыл ауданы М. Ж. Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің «J8» команда мүшелері Исабек Нұралы, Серік Нұрғанат (жетекшісі Аюпов А.Х.), ІІ орынды – М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «OS-01» команда мүшелері Турганбекова Зарина, Аманболова Амина (жетекшісі Солтаналинов К. И.); ІІІ орынды – Павлодар қаласы А. Шәмкенов ат. лицей-мектебінің «Biatlon» команда мүшелері Кононов Игнат, Турсынбек Ибрагим (жетекшісі Джунусов А.С.) иеленді.

«Биатлон-жоғары санат» санатында І орынды – Успен ауданы М.Әуезов ат. жалпы орта білім беру мектебінің «Тулпар» команда мүшелері Коцеруба Денис, Осипов Сергей (жетекшісі Волочаев А.Ю.); ІІ орынды – Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының «AltynsarinTeam 3» команда мүшелері Сүйенішұлы Жасқанат, Туленов Нурмухамед (жетекшісі Ералин А.М.); ІІІ орынды – Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. жалпы орта білім беру мектеп-интернатының «DX 9» команда мүшелері Мұқатай Данияр, Мүрсәлім Хақназар (жетекшісі Джакитов А.Д.) иеленді.

«Эстафета» санатында І орынға – Баянауыл ауданы М. Ж. Көпейұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің «J 97» команда мүшелері Баян Қасиет, Казтаев Казбек (жетекшісі Аюпов А.Х.); ІІ орынға – Павлодар қаласы М.Әуэзов ат. жалпы орта білім беру мектебінің «Relay race» команда мүшелері Ракишев Каримжан, Муравкин Геннадий (жетекшісі Сыздыков Р.Т.); ІІІ орынға – Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің «Nexus» команда мүшелері Дигай Салауат, Ахметов Адильжан (жетекшісі Томаров Ж.Ж.) ие болды.

«Лабиринт» санатында І орынды – Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің «FastBoot» команда мүшелері Мукин Абылай, Орынғазы Дидар (жетекшісі Томаров Ж. Ж.); ІІ орынды – М.Катаев ат. оқушылар сарайының «JaStar» команда мүшелері Ашкен Медеу, Крикунов Кирилл (жетекшісі Солтаналинов К. И.); ІІІ орынды – Баянауыл ауданы З. Ақышев ат. жалпы орта білім беру  мектебінің «E10» команда мүшелері Нұрлыбекұлы Ерасыл, Тургынбаев Ерасыл (жетекшісі Аюпов Д.Х.), Павлодар қаласы Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің «Zeta14» команда мүшелері Толеутаев Дарын, Габдулина Дамелі (жетекшісі Саметова З. Т.) иеленді.

Облыс кезеңінің жеңімпаздары «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирге жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts