«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №146 «Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданы жыл сайын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева ат. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) 2023 жылдың 5 сәуірінде дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында (Толстой көшесі, 95) өтетінін хабарлайды.

Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

1.айналым – жазбаша – эссе;

2.айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Облыстық кезеңге квотаға сәйкес 3 оқушы ұсынылады (9 сынып-1, 10 сынып-1, 11 сынып-1).

Microsoft Excel форматында және сканерленген өтінімдерді 2023 жылдың 30 наурызға дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша ertis_daryn_pvl@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Олимпиаданың жалпы ережесі қосымша беріледі. Ережесі 

Олимпиада басталуы сағат 14.00-де. Тіркелу – 13.00-13.30.

 

Similar Posts