Павлодар облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 наурызда 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Биылғы байқау облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашылық даму бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Маңызды іс-шараның басты мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Сайыс төрт бағыт бойынша өтті:

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы);
  2. «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау);
  3. «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу);
  4. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (тұлғаларды сипаттау).

Конкурстың қазылар алқасы Торайғыров Университеті мен Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдарынан, қоғамдық-саяси журналының тілшілерінен және ақындардан құрастырылды.

Шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 63 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 30 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4; ІІ орын – 8, ІІІ орын – 14.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген» (ақындар мүшәйрасы) бағытында Бас жүлдені Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Махсатхан Қымбат; І дәрежелі дипломды – «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Макаров Муслим; ІІ дәрежелі дипломдыЕкібастұз қаласы №26 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Тұрсынова Жандина, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Ерсін Асылбек; ІІІ дәрежелі дипломдыПавлодар қаласы №38 ЖНББМ 5-сынып оқушысы Амантай Ерғали, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 7-сынып оқушысы Сағидолла Мансұр, облыстық көп салалы лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Даулетқан Айсұлтан,  дарынды ер балаларға арналған «Білім Инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Айтжанов Әділет иеленді.

«Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау) бағытында Бас жүлдеге Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Қабдолла Риза ие болды; І дәрежелі дипломға Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Абылқас Жарқын; ІІ дәрежелі дипломға Ақтоғай ауданы Нығманов атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сәрсенбек Байболат, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы Керемхан Аружан; ІІІ дәрежелі дипломға Павлодар қаласы М.Жүсіп атындағы ЖОББМ 7-сынып оқушысы Болат Жансая, Ақсу қаласы Жамбыл ЖОББМ 11-сынып оқушысы Дөрбетхан Аружан, Май ауданы Ақжар ЖОББМ 9-сынып оқушысы Әскербек Әділет, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Қайыркен Зере ие болды.

 «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу) бағытында Бас жүлдемен Екібастұз қаласы, №21 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жакиянова Адель; І дәрежелі дипломмен дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ахметқанова Аяулы; ІІ дәрежелі дипломмен Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гиназиясының 9 сынып оқушысы Партияқызы Арайлым, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Ходон Ақжарқын; ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Ы.Алтысарин атындағы ЖОББМ 11- сынып оқушысы Өмірзақ Әсель, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Хуаныш Мунира, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Абигерова Дамиля, Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Аманбек Жеңіс марапатталды;

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (сипаттау) бағытында Бас жүлде иегері – Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ  9-сынып оқушысы Оспанова Арайлым; І дәрежелі дипломына Павлодар №21 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тойлыбай Аида; ІІ дәрежелі дипломына – Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 9-сынып оқушысы Болатұлы Бауыржан, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Урсаева Аружан; ІІІ дәрежелі дипломына облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Серікпай Ботагөз, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10-сынып оқушысы Сыздыкова Адия иеленді.

Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts