«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2023 жылғы 16-18  наурыз күндері  Щучинск қаласы  ( Ақмола облысы)   2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық «Зерде»  конкурсының қорытынды кезеңі  өтті. Конкурстың негізгі мақсаты – балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен  600-ден астам  жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 25 жоба (28 оқушысы) қатысты. Конкурс 12 секция бойынша өткізілді: математика, қолданбалы математика; информатика, робототехника, STEM инженерия; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі;  физика, космос; медицина, психология, экология; химия, биология; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; туризм және спорт; технология және өнер.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылар 12 жүлделі орынға ие болды:  І орын – 1 оқушы; ІІ орын – 6; ІІІ орын –5, Құрмет грамотасы – 4.

Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts