Шымкент қаласында 2023 жылғы 20-25 наурыз аралығында өткізілген жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасына еліміздің барлық өңірлерінен 24 команда құрамында  900-ден астам оқушы қатысты.

Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 45 оқушысы қорғады, 20 медальге ие болды, оның ішінде 2 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

Қиын және қызықты күрес барысында дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10, 11 сынып оқушылары Роговский Владимир (математика, мұғалімі Л.В.Стадникова) және Нұртаев Даир (физика, мұғалімі А. Н. Билида) алтын медальдарды жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8, 10, 11 сынып оқушылары Бектұрсын Дария (химия, мұғалімі И. Н. Молокова), Илюсизов Ринат, Тимошенко Анастасия (химия, мұғалімі О. В. Колдашева); Ораз Әнуар, Клименко Марк, Шишкин Алексей (физика, мұғалімі А. Н. Билида); Павлодар қаласы гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Соколов Вячеслав (география, мұғалімі  А.К.Жұмабаева). Қола медаль иегерлері: дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9,11 сынып оқушылары Кабдуллов Нурали, Ақаш Әділет (физика, мұғалімі Д.Е.Әшкен), Қайркен Ерсұлтан, Балтан Ернар (биология, мұғалімі Ж.К. Сансызбаев), Қасымхан Анай (информатика, мұғалімі Р.С. Жаукенов); дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8, 9, 10 сынып оқушылары Рудик Иван (физика, мұғалімі А.Н.Билида); Кравчук Ярослава (химия, мұғалімі О.В.Колдашева), Ильясов Амир (математика, мұғалімі Л.В.Стадникова); дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Титков Дмитрий (биология, мұғалімі Г.К.Хамитова); Павлодар қаласы №40 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Комаров Максим (биология, мұғалімі О.В. Нуркенова); дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Қабыкен Дарын (география, мұғалімі А.Е.Томбаева).

«Дарын» РҒПО-ң құрмет грамотасымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары Балғабаев Тамерлан, Фаткулина Вероника, сондай-ақ дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Ермек Әділет марапатталды. Дарынды ер балаларға  арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қасымхан Анай Алматы қаласы  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің білім грантына ие болды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts