«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 5 сәуірде жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

         Олимпиада мақсаты мен міндеттері – дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету,  ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.

Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді:

  • тур – жазбаша – эссе;
  • тур – ауызша – қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаева өмірбаянын, ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектері бойынша тапсырмаларын орындау.

Шараға облыс бойынша 5 ауданнан, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен 7 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен барлығы 41 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын –6, ІІ орын –6, ІІІ орын – 10.

І дәрежелі дипломмен – «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Берекелі Айша; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан; Павлодар қ. №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Дюсембаева Томирис; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Абигерова Дамиля; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Сайыпова Асем;   Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Сагинтаева Нурай марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломға  – Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Оразбекова Алина; Екібастұз қ. Абай Құнанбаев ат. №2 ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Маратова Сана;   Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жаикбаева Таисия; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Кунязова Дана; Екібастұз қ. С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Қабылбек Арай  ие болды.

ІІІ дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Хайролла Фатима; Аққулы ауданы Қазантай жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Темирова Айсана; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Калмахан Жасмин; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Сулейменова Алина;  Успен ауданы Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қасым Сымбат; Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Каиржанова Аида; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Омар Айзере; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Серік Бексұлтан; Ақсу қ. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектебінің 11-сынып оқушысы Таласова Айша; Аққулы ауданы Жамбыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жунусова Махаббат иеленді.

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадасының облыстық кезеңінде І және ІІ орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts