Оқушылардың  республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында онлайн форматта Google Meet платформасында «Қазақстан–2050» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму модельдері» тақырыбында өткізілді.

Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді: «Ғылыми-техникалық прогресс –

экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»; «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»; «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» және «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттар».

Оқушылардың ғылыми жобалар конкурсына республикалық білім беру ұйымдарынан 905 оқушы 718 жобамен қатысты. Павлодар облысының намысын өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 56 оқушы 45 жобамен қорғады.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша облыс командасы 22 медальға ие болды: 3 алтын, 11 күміс, 8 қола. «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен 4 оқушы марапатталды.

І орын – Ашимжанова Дария, Железин ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы (секция «тіл білімі»);  Аманжолов  Әліби, ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (секция «өлкетану»); Крайнова Карина, Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (секция «математика»).

ІІ орын – Хабдуллова Ардана, Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы (секция ««тіл білімі»);  Кравчук Ярослава, № 8 лицей-мектебінің  9 сынып оқушысы (секция «Жер және Ғарыш туралы ғылым»);  Лозинский Андрей, Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (секция «математика»); Болатов Ильяс, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы (секция «математика»); Сушенок Элина, Балабанов Олег, Екібастұз қ. №1 мектеп-лицейінің 10, 11 сынып оқушылары (секция «техника»); Зкенова Гульназ, Габдулкалиев Асылжан, Баянауыл ауданы № 2 Майқайын жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушылары (секция «техника»); Қасым Даяна, Павлодар қаласы № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы (секция «физика»); Омар Айбала, облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (секция «экономика»); Сайыпова Асем, Ақсу қаласы Қ. Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы (секция «әдебиет»).

ІІІ орын – Жұмабек Адия, № 3 гимназиясының 8 сынып оқушысы (секция «экономика»); Балтабай Жаһангір, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы (секция «биология»); Гарбузовская Дарья, Екібастұз қаласы  № 13 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы (секция «информатика»); Королёва Дарья, Павлодар қаласы № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің 9 сынып оқушысы (секция «әдебиет»); Ақсу қаласы Қ. Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушылары Алимова Томирис (секция «тарих») және Амангелді Нұрәділ (секция «тіл білімі»);  Кабиев Алтынбек, Аубакиров Арман, № 3 гимназиясының 11 сынып оқушылары (секция «техника»).

«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен марапатталғандар: Сапаргалиев Чингиз, Павлодар қаласы № 21 жалпы орта білім беру  мектебінің 8 сынып оқушысы (секция «физика»); Хасенов Аспандияр, Ақсу қаласы Қ. Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы (секция «Жер және Ғарыш туралы ғылым»); Қанаш Ернұр, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы (секция «өлкетану»); Ковалев Владимир, Екібастұз қаласы  мамандандырылған №1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы (секция «қолданбалы математика»).

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts