Порторож қаласында  (Словения) 2023 жылғы 11-22 сәуір аралығында қыздарға арналған математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада өтті (European Girls’ Mathematical Olympiad). Қазақстан командасы бұл олимпиадаға 6 рет (2017 жылдан 2023 жылға дейін) қатысты.

Биылғы оқу жылында төрт адамнан тұратын команда құру үшін ағымдағы жылдың 28 ақпан 5 наурызда іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Одинцова Анастасия республиканың құрама командасының  Еуропа Олимпиадасына қатысуға жіберілді.

Біздің қызымыздың  қатысу нәтижесі дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Одинцова Анастасия күміс медальге  (мұғалімі – Л.В. Стадникова) ие болды..

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts