Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 18-21 сәуір аралығында облыстық көп салалы лицей-интернатында өтті. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада өткізілетін орындарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысты. Олимпиада өткізу кестесіне сәйкес 2 турда өтті. Іс-шара онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық сілтемелер «Дарын» РҒПО сайтында қолжетімді болды.
Олимпиадаға біздің өңірден 36 оқушы қатысты. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша облыс командасы 27 медальға ие болды: 6 алтын, 8 күміс, 13 қола. «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен 3 оқушы марапатталды.
І дәрежелі димпломмен – Алиева Фатима, Ақсу қаласы № 4 орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы, Газизулина Камила, Екібастұз қаласы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы (пәні – «орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі»); Жунусова Сабина, Павлодар қаласы № 35 орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы, Аликеева Ясмин, «Жас Дарын» мамандандырылған лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы (пәні – «қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі»); Нурғазы Гюзаль, облыстық көп салалы лицей-интернатының 10 сынып оқушысы («құқық негіздері»); Амеркулова Амира, № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы («француз тілі»).
ІІ дәрежелі димпломмен – Совет Инабат (пәні – «қазақ тілі мен әдебиеті»), Канашева Айым (пәні – «қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі»), «Жас Дарын» мамандандырылған лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары; Скорикова Мария, № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы («орыс тілі мен әдебиеті»); Буржумбаев Болатхан, ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы («ағылшын тілі»); Узденская Алиса («неміс тілі»), Елеужанов Хаким («құқық негіздері»), Есимова Жайна, Ташенов Динмухамед («француз тілі»), № 3 гимназиясының 10, 11 сынып оқушылары.
ІІІ дәрежелі димпломмен – Сагинтаева Нурай, «Зерде» лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы (пәні «қазақ тілі мен әдебиеті»); Омурбаева Данель, қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (пәні – «қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі»); Кузнецова Анастасия, Павлодар қаласы № 29 орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы («орыс тілі мен әдебиеті»); Меніс Мирас (Қазақстан тарихы), Чжен Евгений («ағылшын тілі»), Шишкин Алексей («неміс тілі»), учащиеся 11 класса школы-лицея № 8; Глубокова Маргарита («орыс тілі мен әдебиеті»), Орумбаев Даниал («құқық негіздері»), Султанова Томирис (неміс тілі), № 3 гимназиясының 9, 10 сынып оқушылары; Рахимгалиев Нуржан («Қазақстан тарихы»), Байгазинов Алихан («құқық негіздері»), облыстық көп салалы лицей-интернатының 10, 11 сынып оқушылары; Амангелді Нұрәділ, Қаныш Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы («ағылшын тілі»); Нурсеитов Арсен, «Жас Дарын» мамандандырылған лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы («француз тілі»).
«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен Каиржанова Аида («қазақ тілі мен әдебиеті»), Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы; Рамазан Жалғас («қазақстан тарихы»), дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Зада Аяла («неміс тілі»), Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts