2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларының химия және биология пәндерінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру және олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Олимпиадаға бүкіл Қазақстаннан 171 оқушы қатысты. Павлодар облысы 11 оқушыдан тұратын құрама команда ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 2 күміс және 4 қола.

Павлодар облысының құрама командасы қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік натижелері үшін «Ең үздік олимпиадалық команда-2023» номинациясының иегері атанды. Олимпиаданың барлық қатысушылары «ZERDE-LIDER» білім беру орталығында олимпиадаларға дайындық курстарында оқу үшін Грант алды.

Жеңімпаздар тізімі

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts