Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауын қашықтықтан өткізді.

Облыстық және қалалық кезеңдерінің 105 жеңімпаздарының жұмыстары қаралған республикалық шараға Павлодар облысының 5 оқушысы қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.

Конкурс төрт бағытта өтті:

– «Туған өлке табиғаты»;

– «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем»;

– «Үздік экологиялық бастама»;

– «Таза қала сізден басталады».

Сайыс қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушысы Сулейменов Асанали 1-ші жүлделі орынға ие болды. Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 6 оқушылары Абраева Алуа, Кайрулла Асылай; Ертіс ауданы, Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Жамбаев Тимур «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts