Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 22-24 мамыр   аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді терендетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары                                            деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

Олимпиадаға бүкіл Қазақстаннан 304 оқушы қатысты. Павлодар облысы 15 оқушыдан тұратын құрама команда ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 12 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 5 қола.

Фотографиялар

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts