«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қ. Ш. Смагулов атындағы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты базасында 2023 жылғы 9-13 маусым аралығында өткізілген 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасына 40 қоманда қатысты.

Павлодар өңірінен облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздарынан құрылған екі команда қатысты: қазақ тілінде оқытылатын сыныптар арасында – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы мен Павлодар қ. №35 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары; орыс тілінде оқытылатын сыныптар арасында – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы мен Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының оқушылары.

Олимпиаданың жеке біріншілігінде ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. №24 гимназия-мектебінің 2-сынып оқушысы Идрисов Мустафа; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 3-сынып оқушысы Еркебұлан Амир; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 4-сынып оқушысы Азаматұлы Жан Әли марапатталды; ІІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 3-сынып оқушысы Сероокий Егор және дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 4-сынып оқушысы Кашкиров Ерасыл ие болды.

Командалық кезеңде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы мен Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының оқушылары ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts