Алматы қаласында 2023 жылғы 17-18 маусым аралағында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы математика пәні бойынша 6-7 сыныптарға арналған республикалық олимпиадасының финалы өтті. Олимпиадаға Қазақстан республикасының барлық аймақтарынан 118 оқушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері математиканы насихаттау, дарынды балаларды ерте анықтау және ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін және білімге қызығушылығын дамыту, оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар, математиктер және педагогтар арасындағы байланыстарды нығайту, командада жұмыс істей білу болып табылады. Командалық турнирдің негізін оқушыларды күрделі математикалық есептерді шешуге қол жетімді түрде тартатын математикалық ойындар құрайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Сатыбалды Саят ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және 15.000 теңге сомасындағы сертификатықа ие болды.

Құрмет грамоталарының иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Березина Софья, Павлодар қаласы №29 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Бекшенов Рафаэль, «Жас Дарын» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Смаилов Алижан, сонымен қатар Құрмет грамота иегерлеріне 10.000 теңге сомасындағы сертификат табысталды.

Similar Posts