Еуропалық физикалық олимпиада (EuPho) Ганновер қаласында (Германия) 2023 жылдың 16-20 маусым аралығында өтті. Олимпиада (EuPho) 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарыс теориялық және эксперименттік есептерді шешуге арналған.

Биыл олимпиадаға 35 елден 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан Республикасы құрама командасында дарынды ер балаларға  арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ақаш Әділет қола медаль жеңіп алды (мұғалім-Ашкен Дархан Ереуланұлы).

Әділетті Еуропалық Олимпиаданың қола медалімен құттықтаймыз және биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Similar Posts