Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы 2023 жылғы 23-25 маусым аралығында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабайға арналған «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауын өткізді.

Шара барысында ақын еліне – М. Жұмабай ауданы Сарытомар ауылына, мұражайына саяхат, ескерткішіне гүл шоқтарын қою, мәдени-танымдық кеш, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ақын шығармашылығы бойынша зерттеу жұмысын жасау; «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар сайысы.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың «Бас жүлде» иегерлері қатысты: Ақсу қ. Береке жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Амандық Ақтілек; Павлодар қ. №35 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Аманжолқызы Амира; Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Егінтай Мәди.

Республикалық байқау қорытындысында жас зерттеушіміз Егінтай Мәди ІІІ дәрежелі дипломына ие болды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts