Алматы облысы білім басқармасының «Жас дарын» оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 29-30 маусым аралығында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларын» өткізді.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (ақын өлеңдерін жатқа оқу), «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп жатқа оқу), «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» (жас ақындар).

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: Екібастұз қ. Атығай ЖОББМ 10-сынып оқушысы Амангелдіқызы Аяулым; Ақтоғай ауданы Қараоба ЖББОМ 9-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аманбек Нұрсәуле.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Амангелдіқызы Аяулым марапатталды; ІІІ дәрежелі дипломға Жұмажан Назерке ие болды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts