М. А. Алексеев атындағы оқушыларға арналған «Туймаада» халықаралық олимпиадасы биыл 2-10 шілде аралығында онлайн режимде өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушылары – Саха Республикасының Білім және ғылым министрлігі (Якутия), Саха Республикасының Кіші Ғылым академиясы (Якутия) және М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті. Олимпиадаға Ресей, Қазақстан, Румыния, Сингапур, Индонезиядан 200-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың 2-ші турының қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Кравчук Ярослава химия пән бойынша қола медаль жеңіп алды (мұғалім – Колдашева Оксана Владимировна).

Similar Posts