Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO-2023) 2023 жылғы 10-17 шілде аралығында Токио қаласында (Жапония) өтті. Әр түрлі елдердің жоғары сынып оқушылары арасында жыл сайын физика пәні бойынша халықаралық жарыс 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиадаға әлемнің 83 мемлекеттің  415 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасын 5 оқушы, оның ішінде дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 оқушысы Нұртаев Даир қатысты. Халықаралық олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша Даир қола медаль иегері атанды (мұғалім-Билида Анатолий Николаевич).

Естеріңізге сала кетейік, жас физик Даирдің жетістігі халықаралық олимпиадаларда № 8 мектеп-лицей оқушыларының жоғары нәтижелерін жалғастырды. Бірнеше күн бұрын № 8 лицей-мектебінің оқушылары халықаралық олимпиадалардың қорытындысы бойынша  екі қола медальге ие болды.

Оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді үлкен табыспен құттықтаймыз! Ең биік шыңды табанды, қыңыр, күшті рух және оның жеңісіне сенетіндер бағындырады. Сіз осы қасиеттерді көрсетіп, елімізді халықаралық олимпиадаға лайықты түрде таныстырдыңыз!

 

Similar Posts