Цюрих қаласында (Швейцария) 16-25 шілде аралығында химия пәні бойынша оқушылардың Халықаралық олимпиадасы өтті (IChO–2023).  Олимпиадаға 88 елден 350-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы 4 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей- мектебінің 10 сынып оқушысы Илюсизов Ринат.

Халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ринат күміс медаль иегері атанды (мұғалім – Колдашева Оксана Владимировна).

 Ринатты, оның ата-анасын, мұғалімдерін халықаралық олимпиада медалімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Similar Posts